Колледж студенттерінің республикалық слеті өтеді
<p style="text-align: justify;">Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық слеті Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының филиалында шілденің 21-23 күндері аралығында өтеді. Оған елдегі барлық өңірден 100 жұмысшы мамандық өкілі қатысады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған слеттің мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастардың көшбасшылық әлеуетін және кәсіби дағдыларын дамыту. Қатысушылар қазіргі еңбек нарығының сын-қатерлерін талқылап, жұмысшы мамандықтар бойынша мансаптық өсу мүмкіндіктерімен танысады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше слет бағдарламасына мотивациялық кездесулер, шеберлік сабақтар, тәжірибелік сессиялар мен командалық белсенділіктер кіреді. Әсіресе өзін-өзі таныта білу, сыни және креативті ойлау, топпен жұмыс жасау және қарқынды өзгеріп жатқан кәсіби ортаға бейімделу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.