Аймақтар
1 мин оқу 160
Мұнай компаниясы қызметкерлерге үш ай бойы жалақы төлемеген
<p style="text-align: justify;">Ақтауда 197 млн теңге жалақы қарызы қызметкерлерге қайтарылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтау қаласының прокуратурасы «Mangystau Oil Refining» ЖШС-де жалақы төлеу бойынша тексеру жүргізді.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәсіпорында 241 жұмыскерге жалақы төленбегені анықталды.
Жалпы берешек сомасы – 197 млн теңге. Жалақыны уақтылы төлемеген заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу: