Қылмыс
1 мин оқу 70
Дәрігерге шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды
<p style="text-align: justify;">2025 жылғы 17 шілдеде медицина қызметкеріне шабуыл жасау дерегі бойынша ұсталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
«Ұсталған адамның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы — «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша саралануда. Тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бөлісу: