Өнер
1 мин оқу 20

Қылқалам шеберлері – Маңғыстауда

<p style="text-align: justify;">Маңғыстауда &laquo;Ақтау &ndash; Түркі әлемінің мәдени астанасы&raquo; жобасы аясында суретшілер мен мүсіншілердің халықаралық симпозиумы басталды.</p>

Қылқалам шеберлері – Маңғыстауда

20–30 шілде күндері өтетін симпозиум беделді қылқалам шеберлерінің өзара тәжірибе алмасуын, шеберлік сабақтарын өткізуді және Маңғыстау өлкесінің табиғи ерекшеліктерін бейнелейтін өнер шығармаларын жасауды мақсат еткен. Сондай-ақ симпозиум арқылы темірден жасалған мүсіндерді насихаттау, қаланың көрікті жерлерін ашу және мүсін өнерін дәріптеу де ұмыт қалмаған.

Он күнге созылатын симпозиумға түркітілдес мемлекеттерден 30-дан астам мүсінші мен суретші қатысып жатыр. Елімізден қатысушы он мүсіншінің екеуі, он суретшінің бесеуі Ақтаудан.

«Іс-шара бейнелеу өнерін насихаттап, қала тұрғындары мен қонақтарын түркі­тілдес елдерден келген қатысушылардың шығармашылығымен таныстыруды көздейді», дейді Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Мұсағалиев. Айту­ларынша, симпозиум аясында өткізілетін іс-шаралар қала мәдениетін дамытуға, өнерге қызығушылықты арттыруға және халықаралық мәдени байланысты нығай­туға бағытталған.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Қылқалам шеберлері – Маңғыстауда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар