Қатты желден 5 адам Каспийге батып кете жаздады
<p> </p> <p style="text-align: justify;">Каспий теңізінде қатты жел салдарынан жағалаудан алыстап кеткен 5 адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары аман-есен құтқарып қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға Ақтау қаласындағы "Бриз" яхта-клубы маңында үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде болған.
SUP-тақтамен серуендеп жүрген 5 адам қатты желге тап болып, 2,5 шақырым қашықтықта ашық теңізге шығып кеткен.
Өздігінен жағаға орала алмаған демалушыларға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келген.
– Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 5 адам жағаға дін аман жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады, – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды желді және дауылды күндері суға шыққанда абай болуға, міндетті түрде құтқару кеудешелерін киюге және ауа райын мұқият бағалауға шақырады.