Қоғам
1 мин оқу 20

Димаштың Түркі дүниесіндегі даңқы

<p style="text-align: justify;">Кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында IV &laquo;Мейкин Азия&raquo; халықаралық музыка фестивалінің жабылуы дүркіреп өткені туралы хабар тарады. Дүркірегені сол, Қазақстанның халық әртісі, әлем таныған әнші һәм композитор Димаш Құдайбергенге &laquo;Қырғыз Республикасының халық әртісі&raquo; құрметті атағы берілді.</p>

Димаштың Түркі дүниесіндегі даңқы

Дүниежүзілік деңгей­дегі дүл­дүл 2023 жылы «Қазақстан­­­ның ха­лық әртісі» атанған. Даңқы жер-жаһанға жеткен Димаш атаққа кенде емес қой, сөйтсе де Алатаудың бергі жағында туған ұлдың даңқы арғы бетінде де ресми бекітіліп жатқаны сүйініш, әрине. Бұл бауыр­лас екі ел арасындағы жарас­тық­ты білдіргендей. Қырғыз Респуб­ликасының Президенті Садыр Жапаровтың жарлы­ғы­на сәйкес марапатты Димашқа сол елдің Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.

«Мейкин Азия» халықаралық музыка фестивалі 20–22 шілдеде Ыстықкөлде өткен. Оған Азия мен Еуропаның жиырмадан астам елінен өнерпаздар қа­тысса керек. 2013 жылдан бері ұйым­дастырылып жүрген фести­валь­дің тұңғыш бас бәйге­сін Димаш Құдайбергеннің өзі қан­жы­ғасына бөктеріпті. Осы жолы фестивальдің жабылу салтанатында өнер көрсеткен әнші әлгіндей марапаттан соң: «Бұл марапат болашақта екі ел арасында мызғымас бір­лік үшін жасалатын қызмет­ке аванс ретінде берілді деп қабыл­даймын. Қазақ пен қыр­ғыз халқы достығының символы деп білемін. Қазақ халқына көрсетілген құрмет деп түсіне­мін», депті. 

Димаштың әкесі Қанат Айт­баев жеке парақшасына: «Қыр­ғызстанның Шолпан-Ата қа­ласында өткен халық­ара­лық эстрадалық әншілер фести­валінде Қырғызстан прези­денті Садыр Жапаров­тың жар­лығымен Қазақстан­ның халық әртісі Димаш Құдай­бергенге екі ел арасын­дағы достық құрметі­не Қырғыз­станның Халық әртісі атағы берілді», деп жазды.

Даңқты әншіміздің Түркі дү­ниесіндегі абыройы жақсы­лық­қа, бірлікке жолбасшы болғай!

Бөлісу:
Димаштың Түркі дүниесіндегі даңқы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар