Шаруашылық
2 мин оқу 31

Су үнемдеу – уақыт талабы

<p style="text-align: justify;">Аптап ыстығы апшыны қуыратын жаз мезгілі жетсе, жұрттың ағын судан айтарлықтай тарығатыны белгілі. Ебін тапқандар жол бойынан өзен суын өз алқабына бұрып алып, диқандардың шамына тиген кез де аз емес.</p>

Су үнемдеу – уақыт талабы

Одан бөлек, Талас секілді трансшекаралық өзендерде су тапшылығы байқалатын жылдарды да көрдік. Мұның бәрі шаруаларды жаңашылдыққа бет бұруға үндеп тұрғандай еді.

Кейінгі бірнеше жылдың бедерінде жамбылдық шаруа­лар жаңа технологияға бет бұ­рып, тамшылатып суару әді­сіне көшті. Біршама уақыт бұрын өңірде тамшылатып суару жүйесін шығаратын зауыт та іске қосылған. Аймақта мұндай іргелі кәсіпорынның жұмыс істеуі – су үнемдеу технология­сына басымдық берудің алғы­шарты.

2023 жылы су үнемдеу техно­логияларының алаңы 40 мың гектарды құраса, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш едәуір арт­қан. Себебі жауапты мамандар бұл жұмысты іргелі шаруа қо­жа­лық басшыларына ке­ңінен түсіндіруден жалыққан емес. Өңір басшысы Ербол Қара­шөкеевтің бастамасымен тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесін ен­гізу бойынша қолға алынған жұмыс ұдайы жүргізілуде. Өңірде су үнемдеу технологиялары 2024 жылы тағы бірнеше мың алаңға енгізіліп, жалпы көрсеткіш 55,4 мың гек­тарға жеткізіліпті. Осы жылы жаңа технологияны қол­дану ар­қылы егіс алқабының жалпы ала­ңын 89,2 мың гектарға дейін жеткізу көзделген.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын ұтымды және орнықты басқарудың маңызын ұдайы айтып жүр. Расында, бұл – агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­туға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға тікелей әсер ететін стратегиялық маңызды бағыттың бірі. Сондықтан алқаптарға су үнемдеу технологияларын ен­гізу­дің маңызы зор деуге толық негіз бар. Өңірде су нысандарының инфрақұрылымын жаңғырту және су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қа­зірге дейін заманауи технология 66,5 мың гектар аумаққа енгізілген. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселеуге толық мүмкіндік бар», дейді өңір басшысы Ербол Қарашөкеев.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қай­рат Көшеновтің айтуынша, «KAZ Каспий ГИДРО Сельхоз Тех­нология» зауыты жылына 14 мың гектарға дейінгі алқапты қамти­тын құрылғылар өндіре алады. Сонымен бірге жаңбырлатып суару қондырғысы мен тамшылатып суару жүйелерін өндіретін тағы екі жобаны іске асыру бойынша нақты жұмыстар қолға алынған.

Жамбыл облысында су үнем­деу технологияларын енгізу бойын­ша атқарылып жатқан жұмыс қарқыны көңіл көншітеді. Бірер жыл бұрын бұл іске үрке қараған шаруалар кәрі құрлықтан жеткен жаңашылдықтың пайдасын те­реңнен түсінген сыңайлы.

 

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Су үнемдеу – уақыт талабы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар