Табиғат
1 мин оқу 30
Жетісуда жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Жетісу облысында 3,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, зілзала 2025 жылғы 24 шілде күні сағат 8:47-де (Астана уақытымен) Ушарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің эпицентрі 46.02° солтүстік ендік пен 81.24° шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы – 3,7, энергетикалық класы – К=8.5.
Жер сілкінісі тұрғындар тарапынан сезілмеген.
Бөлісу: