Оқиға
1 мин оқу 40

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">26 мен 27 шілде аралығында елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары мен жергілікті өнім өндірушілер қатысады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңке қонақтары мен қала тұрғындары жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, нан-тоқаш бұйымдары, бал, тосап, табиғи шырындар және басқа да тағам түрлерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Негізгі сауда алаңы Алаш тас жолы, 35-үй мекенжайындағы «KERYEN JOLY» сауда орталығында орналасады. Жәрмеңке таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ашық болады.

Сонымен бірге дәл осы күндері қосымша демалыс күнгі жәрмеңкелер де жұмыс істейді:

  • «Көктал» СОО маңында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
  • Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы).

Айта кетейік барлық жәрмеңкелердің жұмыс уақыты бірдей, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.

Бөлісу:
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар