Елорда
1 мин оқу 40

Астанада фиджитал футболдан үздік команда анықталды

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында фиджитал футболдан &laquo;Road to Abu Dhabi&raquo; атты іріктеу турнирі өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада фиджитал футболдан үздік команда анықталды

Фиджитал футбол — виртуалды ойын мен шынайы футболды біріктіретін жаңа формат. Командалар алдымен компьютерлік футболда күш сынасып, кейін дәл сол есеппен алаңға шығып, нақты матч өткізді.

Екі күнге созылған жарысқа 8 команда қатысты. Қорытынды бойынша UEL Team жеңімпаз атанып, 2025 жылы Абу-Дабиде өтетін Болашақ ойындарына қатысуға жолдама алды. 

UEL Team жаттықтырушысы Арман Пирмановтың айтуынша, қарсыластар өте мықты болған. «Бұл – үлкен жауапкершілік. Финалдық турнирде 1 миллион доллар көлемінде жүлде сарапқа салынады. Біз енді сол ойынға тыңғылықты дайындаламыз», деді UEL Team жаттықтырушысы.

вв

Айта кетейік, 25–26 шілде күндері елордада фиджитал баскетболдан да іріктеу турнирі өтеді. Кіру – тегін. Жарыс сағат 10:00-де басталады.

Бөлісу:
Астанада фиджитал футболдан үздік команда анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар