Ауа райы
1 мин оқу 30

Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 2025 жылғы тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатынын хабарлады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін

Жаздың соңында еліміздің оңтүстігінде құрғақшылық қаупі жоғары күйінде қалмақ. Алдын ала есептеулерге сәйкес, 2025 жылдың тамызында мына өңірлерде орташа құрғақшылық күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысы – Жаңақала және Қаратөбе аудандарында;
  • Ақтөбе облысы – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Қостанай облысы – Амангелді және Жангелдин аудандарында;
  • Қарағанды облысы – Ақтоғай және Шет аудандарында;
  • Абай облысы – Аягөз және Үржар аудандарында;
  • Алматы облысы – Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында;
  • Жетісу облысы – Қаратал, Панфилов, Кербұлақ және Алакөл аудандарында;
  • Қызылорда облысы – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында;

Сонымен қатар Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде.

Ал орташа ылғалды жағдайлар мына аймақтарда болжанып отыр:

  • Павлодар облысы – Ақтоғай және Железин аудандарында;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – Жамбыл және М. Жұмабаев аудандарында.

Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық деңгейде болады деп күтіледі.

Бөлісу:
Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар