Байқау
1 мин оқу 40

Драматургияға тың тыныс қажет

<p style="text-align: justify;">Қазіргі қазақ театрына &ndash; жаңа сөз, соны көз&shy;қарас керек. Осы ма&shy;қ&shy;сатта Аста&shy;на&shy;дағы Жас&shy;тар театры&shy; заманауи авторлар, дра&shy;ма&shy;&shy;тур&shy;гиялық ойы бар жас қалам&shy;гер&shy;лер&shy;мен бас қосып, &laquo;Әдебиет пен театр&shy; тоғысы&raquo; тақы&shy;ры&shy;бын&shy;да дөңгелек үстел өткізді.</p>

Драматургияға тың тыныс қажет

Дөңгелек үстел­де қа­зір­гі драма­тур­гияның ба­ғы­ты, театр мен әде­биет­тің үн қатысуы талқы­лан­ды. Шараға жинал­ған қаламгерлер мен дра­ма­тур­г­тер театр мен әде­биет арасындағы шығар­ма­шы­лық байланыс­ты күшейту, сахнаға бейім­делген драма­лық шығар­маларға жол ашу туралы ойларын ортаға салды.

Жаңа қойылымдар мен клас­сикалық шығар­ма­­лар­дың аражігі, қалам ие­­ле­рінің режиссерлермен байланысқа түсуі, сах­наға шығаруға тұратын елеулі шығармалардың мол­­дығы хақында алуан­ пікірлер өрбіді. Соны­мен бірге бү­гінгі жас дра­ма­тург­тердің аздығы, бола­шақта әде­биет пен театр бірлесіп, қа­рымды жобаларды қолға алуға тиіс екені тілге тиек етілді.

Сондай-ақ Жастар театры­ жаңа шығармалар­ға «Жаңа толқын – жаңа драма» атты ашық байқау жариялап отыр. Байқау шарты бойынша қатысушы үміткерлер шағын пьеса, сахнаға лайық поэтикалық цикл, монодрама, қысқа проза, сахналық новелла ұсына алады. Театрдың көркемдік кеңесінің сүзгі­сінен іріктеліп шыққан шығармалар сахнаға жол тартады. Ал шығармасы үздік шыққан авторлар (ре­питициялық үдеріс, сах­налық зертхана) шы­ғармашылық шеберханаға қатыса алады.

Бөлісу:
Драматургияға тың тыныс қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар