Өндіріс
1 мин оқу 40

Қазақстанда көкөніс және жеміс шырындарының өндірісі артқан

<p style="text-align: justify;">2025 жылдың қаңтар&ndash;мамыр айларында Қазақстанда жеміс пен көкөніс шырындарының өндірісі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өскен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда көкөніс және жеміс шырындарының өндірісі артқан

Ұлттық статиститка бюросының мәліметінше, 5 ай ішінде отандық кәсіпорындар 36,3 мың тонна өнім өндірген. Қазақстандық өнімнің нарықтағы үлесі 60% құраған.

Импорт көлемі де 13,6% артып, аталған кезеңде елге 24,2 мың тонна шырын әкелінген.

Керісінше, экспорт 0,4% азайып, шетелге 1,3 мың тонна өнім жөнелтілген.

Көкөніс және жеміс шырындарын ішкі нарықтағы тұтыну 9,3% өсіп, 59,3 мың тоннаға жеткен. Ал 2024 жылдың қаңтар–мамырында бұл көрсеткіш 54,2 мың тонна болған.

Бөлісу:
Қазақстанда көкөніс және жеміс шырындарының өндірісі артқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар