Оқиға
1 мин оқу 50
Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті
<p style="text-align: justify;">2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әуе көлігінде үш экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің тиісті бөлімшелері оқиға орнына барып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды», делінген хабарламада.
Министрлік тергеу барысында қосымша ақпараттар жария етілетін хабарлады.
Бөлісу: