Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмай жатыр
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әскери тікұшақ 25 шілде күні күндіз радардан жоғалып кеткен, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тікұшақты іздеу жұмыстары түнгі уақытта да тоқтамай жүргізілуде. Ақпарат жаңарған сайын министрлік қосымша мәлімет беретінін мәлімдеді.
25 шілде күні сағат 15:13 шамасында Алматы облысында әскери тікұшақты іздеу жұмыстары басталғаны хабарланған.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы жоспарлы ұшу тапсырмасын орындап жүрген. Бортта үш экипаж мүшесі болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жолданды. Алты сағат өтсе де әуе көлігі әлі табылған жоқ.