Төтенше жағдай
1 мин оқу 70

Жетісу облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысы Алакөл ауданының Көкмойын шатқалында таулы жерде құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.</p>

Жетісу облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығының жеке құрамынан 90 адам және 10 техника тартылды.

- Күрделі рельефке байланысты өртті сөндіру жұмыстары әуеден де жүргізілуде. ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су төгу құрылғысымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды, - деп жазды ведомстводан.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Жетісу облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар