Теннис
1 мин оқу 90
Рыбакина Вашингтондағы турнирдің жартылай финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 24-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Френхпен ойнады.
Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, онда Рыбакина ұтқан еді. Бұл жолы Елена 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.
Елена Рыбакина финалға өту үшін әлемнің 36-ракеткасы, 22 жастағы канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.
Бөлісу: