Төтенше жағдай
1 мин оқу 60

Бұқтырмада құтқарушылар аударылған қайықтан адамдарды эвакуациялады

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына Алтайка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасында қайықта 4 адам төңкеріліп, адамдар борт сыртында тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұқтырмада құтқарушылар аударылған қайықтан адамдарды эвакуациялады

Бұқтырмада құтқарушылар аударылған қайықтан адамдарды эвакуацияладыФото: Бейнежазбадан

Оқиғадан алыс емес жерде бірінші болып адамдарды байқап, төртеуін де өз қайығының бортына көтерген балықшы шықты.

- Оқиға орнына ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, азаматтарды катерге ауыстырып, қауіпсіз түрде жағаға жеткізді. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ, – делінген хабарламада.

ТЖМ дауылды немесе желді ауа райында суға шығу кезінде өте сақ болуға, құтқару кеудешелерін пайдаланып, ауа райына үнемі бағалауға шақырды.

Бөлісу:
Бұқтырмада құтқарушылар аударылған қайықтан адамдарды эвакуациялады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар