Қоғам
1 мин оқу 100

Пәтер сатып аларда пайдасы тиетін 8 ережені білесіз бе?

<h4 style="text-align: justify;">Пәтер сатып алу &mdash; маңызды әрі жауапты шешім. Бұл қаржылық қана емес, заңдық тәуекелдермен де байланысты. <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Krisha.kz сарапшыларының пәтер сатып алу кезінде алданып қалмау үшін мынадай маңызды жайттарға назар аударуы жөніндегі кеңесін ұсынады.</h4>

Пәтер сатып аларда пайдасы тиетін 8 ережені білесіз бе?
  • Құжаттарды мұқият тексеріңіз. Қате немесе түзету бар құжаттар жарамсыз. Тек түпнұсқа талап етіңіз.
  • Сенімхатпен сату қауіпті. Иесінің өзі қатыспаса, мәміледен бас тартқаныңыз дұрыс.
  • Заңсыз қайта жоспарлау (балконды қосу, қабырға бұзу) пәтерді ипотекаға рәсімдеуге немесе кейін сатуға кедергі келтіреді.
  • Құрылыс жүріп жатқан үйден пәтер аларда міндетті түрде заңды құжаттарын тексеріңіз. Тек үлестік қатысу шарты (ДДУ) арқылы сатып алыңыз.
  • Мансард не цоколь қабаттағы пәтерлер кейде заң жүзінде "техникалық" болып есептеледі – сот арқылы да тартып алынуы мүмкін.
  • Жиі сатылған пәтерлерден сақ болыңыз. Бұл мүлікке қатысты дау немесе қарыз болуы мүмкін.
  • Мұрагерлікпен алынған пәтерде кейін жаңа мұрагерлер пайда болуы мүмкін. Алдын ала нотариустан тексертіп алыңыз.
  • Сатушы күдік тудырса (жасы үлкен, мінез-құлқы оғаш) – мәміледен бұрын психикалық денсаулығына қатысты анықтама сұрауға құқығыңыз бар.
Бөлісу:
Пәтер сатып аларда пайдасы тиетін 8 ережені білесіз бе? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар