Спорт
1 мин оқу 70

Өткен аптада спортшылар қандай жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Сала министрлігі спортшылардың өткен аптадағы жарқын жеңістеріне шолу жасады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен аптада спортшылар қандай жеңіске жетті

Таеквондо: Малайзияның Кучинг қаласында жастар арасындағы Азия чемпионатында ел спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеді.

Үстел теннисі: WTT Youth Contender (Алматы) халықаралық ірі турнирінде ел қоржынына екі күміс, бес қола, барлығы жеті жүлде түсті.

Теннис: Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында ATP 250 турнирі финалында әлемнің 100-ракеткасы, француз спортшысы Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салып, 6:4, 6:3 көрсеткіштерімен жеңіске жетті. Бұл – А.Бубликтің ATP додаларындағы жалпы жетінші, биылғы үшінші титулы.

Аралас жекпе-жек: Отандасымыз Асу Алмабаев (21-3-0) Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында UFC турнирінде сегізбұрышқа көтеріліп, қарсыласынан төрешілер шешімімен басым түсті.

Жазғы Универсиада: Германияда отандық спортшылар 1 алтын, 10 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 37-орынды иеленді.

Бөлісу:
Өткен аптада спортшылар қандай жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар