Алдағы күндері аптап ыстықтың беті қайтып, күн салқындай бастайды
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айдың соңғы күндерінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ауа райы жағдайына кең ауқымды циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр мен екпінді жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен қатар жүруі мүмкін.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +18…+23 °C дейін төмендейді. Қалған аумақта ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді деп болжанады.