Экология
1 мин оқу 340

«Теңізшевройл» компаниясына 639,6 млн теңге айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның ластануына қатысты экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Теңізшевройл» компаниясына 639,6 млн теңге айыппұл салынды

Атырау облысының прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылдың 3 және 4 тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2 тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған.

«Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды. Осыған байланысты прокурордың қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотпен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді. Аймақта атмосфералық ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі. Прокуратура бұл бағыттағы қадағалау жұмысын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді», деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Бөлісу:
«Теңізшевройл» компаниясына 639,6 млн теңге айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар