Президент
1 мин оқу 50

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты жағдайда қарсы алды

<p style="text-align: justify;">Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты жағдайда қарсы алды

Қазақстан Президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтінде Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылды.

Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізді.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты жағдайда қарсы алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар