Жәдігер
1 мин оқу 40

Алтын орданың күміс тиыны

<p style="text-align: justify;">Атыраулық археологтер &laquo;Ақтөбе-Лаэти&raquo; тарихи қалашығына жүргізген археологиялық қазба жұмысы кезінде олжаға кенелді. Олар қазба орнынан ортағасырлық күміс тиындар тапты.</p>

Алтын орданың күміс тиыны

Х.Досмұхамедов атындағы ­Аты­рау университетінің археологі Амангелді Мұғауұлының айтуынша, бұл монеталардағы бедерлі таңба­ларды нумизматика профессоры Павел Петров зерттеген. Күміс тиындар Жошы ұлысы кезінде құрылған Алтын орда мемлекетінің билеушісі Меңгу-Темір хан тұсында құйылған ақша тобына жатады.

архео

«Бұл тиындар белгілі нумизматик ғалым Павел Петровтың пайымда­уынша, ХІІІ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Құйма ақшаның бір бетінде Меңгу-Темір ханның таңбалары бар. Ал екінші жағында Қытай иероглифтері бейнеленген. Мұның себебін Шығысханнан тараған Құбылай ұрпақтары мен Шағатай ұлысы арасындағы қақтығыстар­да қолға түскен тұтқын Номухан­мен байланыстыруға болады», деді ­Аман­гелді Мұғауұлы.

Тарихи қалашықтағы қазба орнынан көне ыдыс табылып отыр. Мұндай ыдыс Тағара деп аталады.

жәдігер

Облыстық тарихи-мәдени мұра­ларды зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаевтың пікірін­ше, кейінгі жылдары аталған қалашық­ты зерттеуге ден қойылған. Осы кезге дейін қалашықтың 53 гектар аумағы толықтай қоршалып тұр. Алдағы жылдары мұнда ашық аспан астындағы музей жасақталады.

«Биыл тарихи қалашықтағы археологиялық зерттеу жұмысына Х.Досмұ­хамедов Атырау универси­тетінің студенттері тартылды. Көне қалашықтың 500 шаршы метр аума­ғынан табылған жәдігерлер оқу орда­сының зертханасында зерттеледі», дейді Т.Достыбаев.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Алтын орданың күміс тиыны · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар