Спорт
1 мин оқу 30

Жарыс күнделігі: UFC

<p style="text-align: justify;">Қазақтың танымал аралас жекпе-жек&shy; шебері Асу Алма&shy;баев&shy; (22-3) Әбу-Да&shy;биде &shy;ұй&shy;ым&shy;&shy;&shy;&shy;&shy;&shy;дас&shy;&shy;ты&shy;рыл&shy;ған UFC on ABC 9 тур&shy;нирі&shy;нің&shy;&shy;де пе&shy;руалық Хосе Очоа&shy;мен (8&ndash;2) күш сынас&shy;ты. Бәсеке ба&shy;сынан ая&shy;ғына дейін қан&shy;да&shy;сы&shy;&shy;мыздың ба&shy;сым&shy;ды&shy;ғы&shy;мен өтті. Төре&shy;ші&shy;лер бір&shy;ауыздан біз&shy;дің жігіт&shy;тің мықтылығын мойын&shy;дады. Жарыстың басты айқасында ни&shy;дер&shy;ландтық Ренье Де Риддер (20&ndash;2) Аустралияның арланы Роберт &shy;Уит&shy;такерді (26&ndash;8) ұпай санымен ұтты.</p>

Жарыс күнделігі: UFC
  • Астанада дзюдо федерациясының кезекті конференция­сы өтті. Жиын бары­сында атақты балуан,­ Олимпия ойындары­ның күміс, әлем чем­пио­натының қола жүл­дегері Асхат Жит­кеев ұйымның вице-президенті болып та­ғайындалды. Бас хат­шылық қыз­мет­ке Тимур Болат тағайындалды. Тимур кезінде құрлықтық, халық­ара­лық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілген еліміздің мықты дзю­до­шыларының бірі. Сонымен қатар жиында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.
  • Теннистен Астанада Президент кубогі басталды. ATP Challenger Tour мен ITF World Tennis Tour санатындағы жарыста бірқатар мемлекеттен келген спортшылар бақ сынайды. Олардың қатарында ұйымдастырушылар тарапынан Wild card-қа ие болған Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы бар. Георгий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бақтияр, Даниэль Тазабеков іріктеу сынына қатысып жатыр.
  • Футболдан еліміздің премьер-лигасының 18-тур ойындары мынадай нәтижелермен аяқталды: «Қайсар» – «Қызылжар» 1:0, «Тобыл» – «Қайрат» 1:3, «Елімай» – «Жетісу» 3:0, «Жеңіс» – «Оқжетпес» 0:0, «Тұран» – «Ордабасы» 0:4. 
Бөлісу:
Жарыс күнделігі: UFC · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар