Аймақтар
1 мин оқу 50

Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында болған атыс салдарынан төрт адам жараланған. Олар 29 шілде күні кешкі сағат 21:30 шамасында Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам зардап шекті

Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, жәбірленушілер жарақатты травматикалық қарудан алған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, соңғы үш жылда қазақстандықтар 4 мыңға жуық қаруды ерікті түрде тапсырған.

Бөлісу:
Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар