Аймақтар
1 мин оқу 570
Қызылордада «DAMUBALA» арқылы ақша жымқырғандар сотталды
<p style="text-align: justify;">Қызылордада «Шығармашылық және спорт» үйірмелеріне жүргізілетін зерделеу жұмысы бойынша мониторинг тобының мүшесі мен сыбайласы сотталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сотталушы «DAMUBALA» платформасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тексеріс жүргізіп, 13 адамның 88 млн теңгеден аса қаражатын қызмет бабын пайдалана отырып иемденіпті.
Сот үкімімен мониторингтік топ мүшесіне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда және басшылық лауазымдарды атқаруға 10 жылға тыйым салынды.
Ал оған осы істе көмектескен кәсіпкер 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Бөлісу: