Аймақтар
1 мин оқу 350

Студенттерден ақша бопсалаған Қостанайлық ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғынын ұстады. 22 жастағы азамат екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Студенттерден ақша бопсалаған Қостанайлық ұсталды

Құқық қорғау орындарының мәліметінше, күдікті жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсеткен, күш қолданамын деп қорқытқан. Салдарынан зардап шеккендер оған 1 миллион теңгеден астам қаражат берген.

«Қазіргі таңда күдіктіден тұрғылықты жерінен ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес, күдіктіге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін», дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.

Тергеу барысында полиция оқиғаның мән-жайын бүге-шігесіне дейін анықтап, күдіктінің басқа да бопсалау деректеріне қатысы бар-жоғын тексереді.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Студенттерден ақша бопсалаған Қостанайлық ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар