Биометриялық төлем әдісі пайда болды
<p style="text-align: justify;">Ресейлік «VisionLabs» компаниясы метрода адамның бет-бейнесі арқылы төлем жасайтын жүйе енгізді. Жүйе Мәскеу, Алматы, Ташкент метроларында орнатылған. Қазірге дейін бұл технология метро стансаларвның 75 пайызына енгізілді, алдағы уақытта барлық стансада іске қосылмақ.</p>

Компания 2024 жылы FacePay жүйесінен 500 миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Компания алдағы үш жылда жалпы табысын 2,5 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Қазір VisionLabs-тың ең белсенді тұтынушылары Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, сондай-ақ Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Латын Америкасы елдерінде.
Бетпен төлеу – бұл компания бизнесінің бір бөлігі ғана. Олардың негізгі бағыттарының бірі – банктік биометрия. Бұл дегеніміз – адамды құжатсыз тану, банкоматқа картасыз кіру немесе банк бөлімшесіне келген клиентті автоматты түрде тану. Екінші үлкен сала – ұлттық ID жүйелері. Мұндай жүйелер мемлекеттік қызметтер алу кезінде адамның жеке басын растайды. Үшінші бағыт – қауіпсіздікке арналған қылмыскерлерді анықтау, ақылды қалаларда адамның әрекетін талдау сияқты шешімдер.