Қоғам
1 мин оқу 20

Еңбек пен спорт тоғысқанда

<p style="text-align: justify;">Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы облысында еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Іле ауданындағы &laquo;Бент&raquo; ЖШС өндіріс алаңында &laquo;Amanat&raquo; партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы &laquo;Жастар рухы&raquo; жастар қанатының ұйымдастыруымен &laquo;Чемпиондық рух&raquo; жобасы аясында зауыт жұмысшылары мен танымал спортшылар бірлесіп жаттығу өткізді. Жаттығуға 150-ге жуық адам қатысты.</p>

Еңбек пен спорт тоғысқанда

«Чемпиондық рух» жобасы аясындағы іс-шараға джиу-джитсу, грэпплингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматы облыстық мәслихатының депу­таты Нұрсұлтан Орынбаса­ров, қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Сара Рахманова, грэпплингтен әлем чемпионы Әйгерім Әбіл­қа­дырова, джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы Сейіл­хан Болатбек, UFC Gym KZ жаттықтырушысы, Octagon лига­сының матчмейкері Думан Рахым, халықаралық BJJ, ADCC турнирлерінің жүлдегерлері Данте Леон, Габриэль Соуза, Джанкарло Бодони қатысты. Іс-шараға «Бент» ЖШС зауыты­ның директоры Дінмұхамед Кузиев, «Жастар рухы» Алматы облыс­тық филиа­лының төр­ағасы Медет Бек­бергенов, жас­тар ұйы­мы­­ның белсенділері атсалысты.

Жобаның ресми амбассадоры Н.Орынбасаров «Чем­пиондық рух» жобасы арқылы қоғамда еңбек адамына деген көзқарасты өзгертуге болатынын айтты. Оның пікірінше, спорт пен өндірістің ұштасуы – жас­тарға өрісті өнеге.

«Бүгінгі шара – спорт пен еңбек адамын тоғыстырған рух пен ынтымақтың көрінісі. Чем­пион болу – тек медаль алу емес, елге үлгі болу. Біз жұмыс­шы ма­мандық иелерінің қоғам­дағы рө­лін ерекше бағалаймыз. Еңбек­тің қадірін білу – нағыз пат­риотизмнің белгісі», деді ол.

«Чемпиондық рух» жобасы жыл соңына дейін өңірде әртүр­лі форматта жалғасады. Алдағы уақытта бірқатар елді мекен мен әлеуметтік нысан­да ашық жаттығулар, мотивациялық кез­десулер мен спорттық іс-шара­лар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Еңбек пен спорт тоғысқанда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар