Күрес
1 мин оқу 30
Жас балуан жаһан жеңімпазы атанды
<p style="text-align: justify;">Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Афина (Грекия) қаласында U17 әлем чемпионаты өтті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақ балуаны Жанажол Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде Қырғызстан өкілі Нұркерім Құмарбековті ұтып, жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы өкілдері арасынан Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) және Нұрали Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иегерлері атанса, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлде иеленген.
Бөлісу: