Қоғам
1 мин оқу 30

Жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">2025&ndash;2026 оқу жылы қарсаңында елімізде &laquo;Жалпыға бірдей білім беру&raquo; қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 500 мыңнан астам балаға материалдық қолдау көрсетіледі, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі

Қор дәстүрлі түрде жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына көмек беріп келеді. 

Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.

Көмек ата-аналардың есепшоттарына аударылады. Бұл оларға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын өздері таңдауға мүмкіндік береді. 2025 жылы бір балаға берілетін ең төменгі сома көлемі – 46 228 теңге көлемінде болады.

«Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету бойынша ашық әрі ыңғайлы тетік қалыптастырды. Бұл қолдау шарасы бүгінде барлық өңірде іске асырылуда», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Бөлісу:
Жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар