Оқиға
1 мин оқу 70
Камчатка жағалауында бір сағатта сегіз жер сілкінісі тіркелді
<p style="text-align: justify;">Соңғы бір сағат ішінде Камчатка түбегі жағалауында сегіз жер сілкінісі болған. Жер асты дүмпулері 4,5-тен 6,7 балға дейінгі магнитудамен тіркелген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

30 шілде күні Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бергі ең қуатты жер сілкінісі тіркелген. Түрлі бағалар бойынша оның магнитудасы 8,7-ге жеткен. Солтүстік-Курильск жағалауына цунами соғып, Тынық мұхиты аймағындағы бірнеше елде цунами қаупі жарияланған.
Ал Чилиде толқын биіктігі 2,5 метрге дейін жеткен. Жапонияда шамамен 2 миллион адамға эвакуациялау туралы ұсыныс жасалды. Гавай аралдарында 1,2 метрлік толқындар тіркелген.
Бөлісу: