Елордада кезекті жәрмеңке өтеді
<p style="text-align: justify;">Кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өңірлердегі ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және шаруа қожалықтарының азық-түлік өнімдері ұсынылады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жәрмеңке 2-3 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35 мекенжайында орналасқан «KERYEN JOLY» сауда орталығында өтеді. Келушілерге жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, нан-тоқаштар, бал, тосап, табиғи шырындар және басқа тауарлар қолжетімді бағада сатылады,
Астана әкімдігінің мәліметінше дәл сол күндері, яғни 2-3 тамыз аралығында, қала тұрғындарына жақсы таныс келесі алаңдарда демалыс күндерге арналған жәрмеңкелер ұйымдастырылады:
- «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығының аумағы (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
- Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайы («Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде).
Жәрмеңке алаңдары сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.