Аймақтар
2 мин оқу 280

Ағайындар атамекенге оралды

<p style="text-align: justify;">Мұнайлы өңірге жыл басынан бері шет мемлекеттерден 122 отбасындағы 169 қандас қоныс аударды. Қандастар тұрақты мекені ретінде Атырау қаласын, Жылыой, Құрманғазы және Мақат ауданын таңдады.</p>

Ағайындар атамекенге оралды

Атырау облыстық жұ­мыс­пен қамтуды үй­лес­тіру және әлеу­мет­­тік бағдарламалар басқар­ма­сы­ның бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиеваның айтуын­ша, қандастардың басым бөлігі – 127 адам Өзбекстан Республика­сы­нан көшіп келді. Ресей Федера­циясынан – 22 адам, Түрікменстан Республикасынан – 12 адам, Қытай Халық Республикасынан – 7 адам және Моңғолиядан 1 адам атамекеніне оралып отыр. Олардың 153-і – Атырау қаласына, жетеуі – Жылыой ауданына, 8 адам Құрманғазы ауданына, біреуі Мақат ауданына тұрақтады.

– Биыл Атырау облысында қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы аясында 100 адамға квота бөлінді. Осы кезге дейін комиссия шешімімен 56 отбасы (90 адам) квота алды. Квота алғандардың ара­сында Өзбекстаннан – 63 адам, Қытайдан – 10, Ресейден – 10, Түрік­менстаннан 7 қандас бар. Қандастардың көші-қон шығы­нын өтеу үшін 81 адамға 70 айлық есептік көрсеткішке сәйкес 22 млн 294 мың 440 теңгенің біржолғы әлеуметтік төлемі берілді. Ал 6 отбасы құрамындағы 13 адамға тұрғын үй жалдауға және коммуналдық төлем үшін 20-25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 727 мың 420 теңге көлемінде ай сайын­ғы жәрдемақы тағайындалды, – дейді Г.Аманғалиева.

Оның дерегіне қарағанда, заңда көрсетілген мерзімге сәйкес 15 қандастың мәртебесі 6 айға ұзартылып отыр. Оның ішінде 13 қандас бұрын Өзбекстанды, біреуі Моңғолияны, тағы 1 адам Түрікменстанды мекен еткен.

– Қазір Атырау облысында қандастарды уақытша орналастыру орталығы тұрақты жұмыс істейді. Мақсатымыз – елге оралған қандастардың жаңа ортаға бейімделуіне жасалған нақты қолдау көрсету. Мансап орталықтарына жүгінген 10 қандастың бесеуі әлеуметтік қолдауға ие болды. Екеуі тұрақ­ты жұмысқа, екі адам қоғам­дық жұмысқа орналастырылып, бір адам қайта даярлау курсына жіберілді, – деп мәлімдеді Г.Аманғалиева.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Ағайындар атамекенге оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар