Тарих
1 мин оқу 80

Қазақ даласындағы алғашқы теміржолдар

<p style="text-align: justify;">Ұзындығы 1 668 км Орынбор &ndash; Ташкент магистралінің құрылысы басталған 1904 жыл &ndash; Қазақстанда теміржол көлігінің құрылған жылы болып саналады. Теміржол бойында Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда және басқа да қалалар мен өнеркәсіп орталықтары өсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақ даласындағы алғашқы теміржолдар

Қазақстан аумағында алғашқы теміржол магистралінің ашылуы 1894 жылы 25 қазанда – Покровская слобода (қазіргі РФ Саратов облысының Энгельс қаласы) – Орал тар табанды желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін болған. Осы теміржолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан аумағы арқылы өтті. 4 жылдан кейін Урбах – Астрахань тар табаны іске қосылды, оның 77 шақырымы да Қазақстан жерінен өткен екен.

Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары Транссібір магистралін салу, атап айтқанда оның 190 шақырымдық отандық учаскесін құру үлкен маңызға ие болды, бұл жол – халықтардың экономикалық және мәдени жақындасуында үлкен рөл атқарды. 1914-1917 жылдары Арыс – Пішпек Жетісу жолы – болашақ Түрксібтің бір бөлігі, 1915 жылы – Челябинск – Троицк – Қостанай магистралі (Қазақстан бойынша 166 км) салынды.

Бөлісу:
Қазақ даласындағы алғашқы теміржолдар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар