Экология
1 мин оқу 350

Сенбілікке 30 мыңға жуық адам қатысты

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 2 тамызда Алматы облысында республикалық &laquo;Таза Қазақстан&raquo; экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтып, қоршаған ортаны қорғау ісіне бейжай қарамайтын мыңдаған азаматты біріктірді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сенбілікке 30 мыңға жуық адам қатысты

Сенбілікке барлығы 28 977 адам қатысты. Оның ішінде 5 437 мемлекеттік қызметші, 8 006 ерікті және 15 534 жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 28 арнайы техника бірлігі тартылды.

Экологиялық акция барысында қатысушылар 95 гектар аумақты тазалап, 108 тонна қоқыс жинады. Барлық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.

Аталған шара халықтың экологиялық мәдениетінің жоғары екенін және жергілікті билік, еріктілер мен тұрғындардың үйлесімді әрекет етуінің тиімділігін көрсетті. Мұндай сенбіліктер тек аумақтың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, табиғатқа деген жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына да оң әсерін тигізеді.

Алдағы уақытта да Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасып, бұл іске одан да көп тұрғындар мен ұйымдар тартылатын болады.

Алматы облысы.

Бөлісу:
Сенбілікке 30 мыңға жуық адам қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар