Қылмыс
1 мин оқу 340

Қостанайда пәтерден ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды

<p style="text-align: justify;">Қостанайда пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды. Белгілі болғандай, марқұм ол үйде тұрмаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанайда пәтерден ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды

Куәгерлердің айтуынша, ер адам пәтерге баса-көктеп кіріп, ондағы баланы ауыр жарақаттаған болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

- Полиция кәмелетке толмаған адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру және мәйітті табу фактісі бойынша сотқа дейінгі екі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекетті жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етілмейді, - дейді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қостанайда пәтерден ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар