Қоғам
1 мин оқу 180

Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев 74 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Ақорда жариялады</span><span class="s1">, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></span></p>

Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев - қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері. Аңыз тұлға  үш мәрте ғарышты бағындырған. 1994 жылы ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күнін көкте өткізген. 1998 жылы ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабына бір айдың ішінде 5 рет, 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған. 2001 жылы ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күнін ғарышта өткізген.

Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған қазақтың мақтанышы техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007), 2014 жылдан ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы қызметін атқарды. 

Талғат Мұсабаеқа 1995 жылы «Халық қаһарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы берілген болатын. 1998 жылы «Отан» ордені, «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені және 1999 жылы «Астана» медалімен наградталған.




Бөлісу:
Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар