Спортшылардың өткен аптадағы жарқын жеңістері
<p style="text-align: justify;">Спортшылардың аптадағы айтарлықтай жетістіктері жөнінде шолу-мағлұмат сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Семсерлесу: Грузияның бас шаһары Тбилисидегі әлем чемпионатында тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы Франция құрамасымен үшінші орынға таласқан Қазақстан құрамасы қарсыласынан басым түсіп, қола медаль жеңіп алды.
Жеңіл атлетика: Алматыда – XXXIV Ғұсман Қосанов мемориалы (Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі) өтіп, отандық спортшылар 6 алтын, 12 күміс, 16 қола, барлығы 34 медаль еншіледі.
Күрес: Афинада (Грекия) 17-ге дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 7 қола, барлығы 11 жүлде иеленді.
Пара таеквондо: Малайзияның Кучинг қаласында құрлықтық додада отандастарымыз 3 алтын мен 3 күміс және 5 қола медальға қол жеткізді.