Қоғам
1 мин оқу 70

Ғарышкер Талғат Мұсабаевты жерлеу рәсімі қайда өтеді

<p style="text-align: justify;">Белгілі қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ғарышкер Талғат Мұсабаевты жерлеу рәсімі қайда өтеді

«Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы хабарлағандай, Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамыз күні таңғы сағат 09:00-де Алматыдағы Офицерлер үйінде өтеді. Бұдан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг болады. Талғат Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.

Еске салайық, кеше 4 тамыз күні ғарышкер Талғат Мұсабаев 75-ке қараған шағында өмірден өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Фабричное ауылында (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) дүниеге келген. Ол Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы (2007-2016), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2017-2023) болды.

Бөлісу:
Ғарышкер Талғат Мұсабаевты жерлеу рәсімі қайда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар