Ана мен бала өлімі төмендеген
<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ана мен бала өлімін азайту шаралары қаралды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мемлекет басшысы ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуді денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды басымдығы ретінде айқындап берді. Бұл өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне әсер етеді. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Әрине, бұл – медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижесі», деді Олжас Бектенов.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 6 айында ана өлімі деңгейі 10%-ға, нәресте өлімі 26,3%-ға төмендеген.
Премьер-министр өлім-жітім деңгейін одан әрі төмендету жөнінде бірқатар тапсырма берді.