Оқиға
1 мин оқу 40

Оралда ірі сүт комбинатынан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Орал қаласы, Айталев көшесі бойындағы сүт комбинатының аумағында орналасқан бір қабатты, бөлек тұрған ыстау ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оралда ірі сүт комбинатынан өрт шықты

Құтқарушылар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Нақты мәлімет бойынша, екі цехтың шатыры жанған:

— біріншісінде дайын өніммен бірге тоңазытқыш жабдықтары,

— екіншісінде балмұздақ өндіруге арналған жабдық орналасқан.

Өрттің жалпы ауданы – шамамен 3000 шаршы метр. Өртті сөндіру жұмыстары қатты желдің салдарынан күрделене түсті.

Қазіргі сәтте өрт оқшауланған.

Бөлісу:
Оралда ірі сүт комбинатынан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар