Қоғам
1 мин оқу 100
Қазақстанда кәсіби мерекелер тізімі жаңартылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды. Тиісті түзетулерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді.
Жаңартылған тізімге бес жаңа кәсіби мереке кіреді:
- Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде;
- Табиғи монополия қызметкерлерінің күні – 9 шілде;
- Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні – 15 қыркүйек;
- Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің күні – 20 қазан;
- Қазақстанның Кәсіпкерлер күні – 29 қазан.
Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, энергетиктер күнін мерекелеу күні 22 желтоқсанға ауыстырылды.
Бөлісу: