Аймақтар
1 мин оқу 140

Құрылыс компаниялары заңсыз жарнама жасаған

<p style="text-align: justify;">Атырау қалалық прокуратурасы үлескерлердің қаржысын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартуды жарнамалаумен айналысқан 10 компанияны анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құрылыс компаниялары заңсыз жарнама жасаған

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабының 1-бөлігімен (Үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) әкімшілік жауапқа тартылды. Оларға 10,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

«Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып қала береді. Осыған орай қала прокуратурасы азаматтарға үлестік құрылысқа қаражат салмас бұрын құрылыс салушының лицензиясы, жер теліміне құқық белгілейтін құжаттары мен құрылысқа рұқсат құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады», деп хабарлады прокуратурадан.

Бөлісу:
Құрылыс компаниялары заңсыз жарнама жасаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар