Қоғам
1 мин оқу 140

Атырауда 20 кәсіпкер әлеуметтік азық-түліктер бағасын негізсіз өсірген

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында арнайы комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру үшін мониторинг жүргізіп келеді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 20 кәсіпкер әлеуметтік азық-түліктер бағасын негізсіз өсірген

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ризабек Мұсағалиевтің пікірінше, басты мақсат – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.

«Жыл басынан бері делдалдық қызмет бойынша құрылған комиссияның мүшелері кәсіпкерлік субъектілеріне азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді. Заңдылыққа сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосылатын үстеме 15 пайыздан аспауы қажет. Алайда, аталған азық-түліктерді 15 пайыздан артық үстеме бағамен тасымалдаған 20 көтерме жеткізуші анықталды. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес айыппұл салынды», дейді Ризабек Мұсағалиев.

Бөлісу:
Атырауда 20 кәсіпкер әлеуметтік азық-түліктер бағасын негізсіз өсірген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар