Ғылым
2 мин оқу 40

Ғылымның келешегі

<p style="text-align: justify;">Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов Жас ғалымдар кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында кеңестің жаңа төрағасы ресми түрде таныстырылып, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары нақтыланды.</p>

Ғылымның келешегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Жас ғалымдарды жан-жақты қолдау – мемлекет үшін басымдықтың бірі болуы қажет. Олар – біздің интеллектуалдық капиталымыздың негізі» деген сөзі мемлекеттік саясаттың өзегіне айнал­ды. Бүгінгі таңда жас ғалым­дарды жан-жақты қолдауға мән беріліп отыр. Ғылым комитетінде өткен кездесуде 2025 жылға арналған басым бағыттар айқындалды. Атап айтқанда, кеңестің ғылым саласындағы нор­ма­тивтік-құқықтық базаны жетілдіруге қатысуы, жастардың ғылыми бастамаларын қолдау және жас зерттеушілерді ғылыми үдерістерге белсенді тарту мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Ғылым комитетінің төрағасы жас ғалымдардың ұлттық ғы­лым­ды дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.

– Сіздер ғылымның бола­шағы ғана емес, оның бүгініне серпін беруші күшсіздер. Сіздердің бой­ларыңызда қуат, тың көз­қарас, батыл идеялар мен нәтижеге ұмтылыс сияқты өзгеріс енгізуге қажетті нәрсенің бәрі бар. Біз сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және әр қадамдарыңызға қол­дау көрсетуге дайын­быз. Ғылымдағы арманда­рыңыз­­ды іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасау – біздің ортақ мақса­тымыз, – деді ол.

Кеңес жас ғалымдар­дың бастамаларын ұсына­тын және ілгерілететін тиімді алаңға айналуды көздейді. Сонымен қатар ол ғылыми жастар мен мемлекеттік институттар арасында кері байланыс­ты қамтамасыз етудің маңыз­ды тетігі бол­мақ. Ғы­лым комитеті ашық диа­лог пен сындар­лы ын­ты­мақтастыққа дайын екен­­дігін білдіріп, жас ға­лым­­дар­ды ғылыми орта да­муы­­на қатысты шешім­дер қа­был­­дау үдерісіне бел­сен­ді қа­тысуға шақырды.

Айта кетейік, 2023 жыл­дан бастап елімізде ғылыми жобалар­ды қар­жыландыру көлемі екі есе артты. Бөлінген қара­жаттың 30 пайызы тікелей 40 жасқа дейінгі жас зерт­теушілердің жобаларын қолдауға бағытталған. Бұл өз кезегінде жастардың ғылымда тұрақтап қалуы­на, идеяларын іске асыруы­на мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ үш жылдық гранттар арқылы жүзеге асырылатын ірі бастама «Жас ғалым» бағдарламасы іске қосылды. Оның шең­берінде жас зерттеу­ші­лерге тұрақ­ты түрде қар­жылай қол­дау көрсеті­ліп, ғылыми зерт­теуле­рін жүйелі түрде жал­ғас­тыруға жағдай жасалған.

Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының жанынан жаңа зертханалар да ашылып жатыр. Онда шетелде білім алып, тәжірибе жинап келген жас мамандарды тартуға басымдық беріліп отыр.

Бөлісу:
Ғылымның келешегі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар