Экология
1 мин оқу 110

БҚО-да экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілген

<p style="text-align: justify;">Жыл басталғалы &laquo;Қазсушар&raquo; РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау және шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберген. Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 және Орал-Көшім арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО-да экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілген

Сонымен қатар филиал диқандармен суару суын жеткізуге келісімшарттар жасауды жалғастырып жатыр. Бүгінде Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 5 335,5 гектар жерге 20 млн текше метр су жеткізуге 178 келісімшарт, ал Шаған өзеніндегі су қоймасынан 1 879,4 гектар жерге 6 млн текше метр су жеткізуге 72 келісімшарт жасалған.

БҚО-дағы «Қазсушар» РМК филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаиновтың айтуынша табиғатты қорғау мақсатында су жіберу мен табиғи шабындықтарды суару экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беріп, өңірдегі флора мен фаунаның жай-күйін жақсартуға көмектеседі.

«Санитарлық-экологиялық мақсатта берілетін су жергілікті мал шаруашылығын қажетті азықпен де қамтамасыз етеді», деді Р.Хусаинов.

Бөлісу:
БҚО-да экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар