Аймақтар
1 мин оқу 270
Қызылордада ішімдік ішпейтін ауылдар көбейіп келеді
<p style="text-align: justify;">Тұрғындары өзара кеңесіп, арақтан бас тартқан ауылдар қатарында Арал ауданы Қосжар елді мекені бар. Ауыл ақсақалдарының бастамасымен ішімдікпен бірлесе күрескен елді мекенде 5 жылдың бедерінде бірде-бір қылмыс тіркелмепті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта жатқан ауылда 94 шаңырақ түтін түтетіп отыр.
Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы: Полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялаған биылғы жыл аясында полиция инпекторлары жүргізген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Қармақшы ауданындағы Иіркөл елді мекені де «Алкогольсіз ауыл» атанып отыр.
Бөлісу: