Өнер
1 мин оқу 100

Жүлде алған карикатура

<p style="text-align: justify;">Азия мен Еуропа арасындағы тарихи байланыс қашанда өзекті. Ол Абай заманында да, Алаш кезеңінде де, М.Әуезов әлемге танылған шақта да ділгір, маңызды еді. Жалпы, Түркия &ndash; екі құр&shy;&shy;лықты жалғаған мәдениеті терең ел. Сон&shy;дық&shy;&shy;тан әлемдік мәдени ықпал&shy;дастықты арқау етіп түрлі шара өткізіп тұрады. &laquo;The Tourism Cartoon Competition&raquo; атты халықаралық карикатура байқауының кезекті маусымы қорытындыланды.</p>

Жүлде алған карикатура

Аталған байқау туризмнің қоғамдағы рөлін, маңызын және заманауи мәселелерін карикатура арқылы бейнелеу мақсатын көздейді. Сатира мен юморды үйлестіре отырып, туристік тәжірибе мен саланың өзекті тақырыптарын көрсететін шығар­малар жоғары бағаланады.

Айта кетейік, байқауды Түркиядағы Анадолу универ­­ситеті, Туризм карикатуралары мұражайы және басқа да серіктес ұйымдардың қолдауымен ұйым­дастырылып отыр.

Еске салайық, аталған байқау  «2024 жылы Ыстанбұлда турист болу» атты тақырыпта өткен еді. Қазақстанның белгілі суретші-карикатурисі Ғалым Смағұлұлы Fehmi Köfteoğlu атындағы арнайы жүлдеге ие болды», деген сүйінші хабарды естіп отырмыз.

Бөлісу:
Жүлде алған карикатура · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар